Орталық телевизиядан бір күні қазақша киініп, қолына домбыра ұстап, Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» термесін орындап тұрған бір қара баланы көрсетті. Ол баланың келешекте атақты домбырашыға айналарын, біреу білсе, біреу білген жоқ.
Енді міне, домбыра-электроника-компьютер-орындаушыдан тұратын (ДЭККО) жанрын ойлап тапқан Жасарал Еңсеповтың ұлы, атақты домбырашы Асылбек Еңсепов қазір мектеп ашып, балалар түгілі, ересектерге де домбыра үйретіп жүр. Бірақ, әңгіме қамқор ағасы, қазақтың біртуар ұлы Батырхан Шүкеев туралы болды.