Сейіт Кенжеахметовтің «Күле білу — өмір, күлдіре білу — өнер, күлкі болу — өлім» деген сөзі бар. Демек, күле білетін өмірде күлдіре білу де үлкен өнерді қажет етеді. Осы үлкен өнерде жүрген азамат, «Тамаша» әзіл-оспақ театрының жетекшісі Нұржан Тұтов өз фамилиясының шығу тегін түсіндіріп берді. Оның арғы атасы Оңтүстік өңірде танымал тұт жеміс ағашының түбінде дүниеге келсе керек.