Бір қызығы, Асхат Тарғынов «Мария Магдалена» әніне соншалықты үміт артпаған еді. Шындығында, тойға, құда-құдағиға арнап жаздырған ән екен. Және «Мария Магдалена» өзіне мұндай үлкен танымалдылық әкеледі деген үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Алайда, Асхат бұл әнді жаздырып алғаннан кейін айтуға ұялып жүріпті.