Нұрлан Абдуллин әншілігімен қоса, «Парыз» қайырымдылық қорының басшысы, «Семь нот», «Автокруиз» баспа үйлерінің президенті. Бағалы сағаттар мен шетелдік қымбат темір тұлпарлардың жинағына ие. Ешкімді менсінбей, мұрнын шүйіріп жүруіне де болар еді. Бірақ, алғаш кездесіп, сұхбат алған сәттен бастап көп жылдар өтсе де, Нұрлан Абдуллин сол баяғы ақжарқын, қарапайым адам. Осындай тәубешіл болуға кім септігін тигізді екен?