Ақпанның 15-де Алматының қақ ортасындағы үлкен сауда орталықтарының бірінде «Құс» және «Луна любит солнце» атты қысқаметражды екі фильмнің тұсаукесері өтті. Шараға кілең жақсы мен жайсаңдар шақырылып, ортасында НС радиосы да болды. Журналистерден аяқ алып жүру мүмкін емес еді. Сол себепті автормен НС радиосының тікелей толқынында әңгімелесуді жөн көрдік. Сонымен, студияда осы екі туындының әкесі Әлішер Сүлейменовпен ашық әңгіме.